Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бір облысында локдаун енгізілуі мүмкін

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Cолтүстік Қазақстан облысы әлі де "қызыл" аймақта. Күн сайын өңірде орта есеппен 150-ге жуық адамнан коронавирус анықталуда. Өлім-жітім де көп. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының сөзінше, егер жағдай әрі қарай ушықса облыста локдаун енгізілуі де ғажап емес, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Солтүстік Қазақстан облысы бір жарым айдан бері "қызыл" аймақта тұр. Тек өткен тәуліктің өзінде өңірде 149 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.

Дәрігерлер күніне 4-5 адам короновирустан көз жұматынын жасырмады.

"Жасанды желдету құрылғылары мен дәрі дәрмек жеткілікті. Былтырғыдай проблема жоқ. Қазір вирус өзгерген, белсенділігі артып отыр. Сондықтан көп жағдайда үлкен кісілер дертке қарсы тұра алмай жатыр. Короновирустан қайтыс болғандардың басым бөлігінде қосымша аурулар болған. Жүрек қан тамыры, қант диабеті деген сияқты", - дейді Петропавл қалалық көпсалалы ауруханасының бас дәрігері Жанна Маутова.

Солтүстік Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Меруерт Атамбаеваның айтуынша, жағдай ушықса өңірде локдаун да енгізілуі мүмкін.

"Дәл қазіргі кезде коронавирус инфекциясы шарықтау шегінде тұр. Ешқандай төмендеу де, қатты өсу де байқалып отырған жоқ. Бір деңгейде тоқтап тұр. Егер бұл жағдай әрі қарай өршитін болса, бұдан да қатты қатаңдатылған шаралар енгізілуі мүмкін. Мысалы локдаун енгізілуі мүмкін", - дейді ол.

Айта кетейік, облыстағы ауруханалардың бір уақытта 1700-ден астам науқасты емдеуге мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде емдеу бөлімшелері 40 пайызға толған.

Автор: Абзал Құрманкин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942992-elimizdin-bir-oblysynda-lokdaun-engizilui-mumkin/

pixel