jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтар желтоқсан мен қаңтар айында қанша күн демалады

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ел тұрғындарының желтоқсан мен қаңтар айында қанша күн демалатыны белгілі болды. Алдағы айда қазақстандықтарды бірнеше мереке күтіп тұр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі электрондық үкімет порталына сілтеме жасап.

Елімізде 1 желтоқсан Тұңғыш президент күнін атап өтуден басталады. Бұл мерекенің құрметіне тұрғындар бір күн демалады.

16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні бейсенбі мен жұмаға түсіп тұр. Сәйкесінше, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 16-19 желтоқсан аралығында төрт күн демалады.

31 желтоқсан жұмаға түседі, дегенмен бұл дата жұмыс күні деп есептеледі.

Жалпы алғанда, желтоқсан айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 11 күн, ал алты күн жұмыс істейтіндер 7 күн демалатын болады.

Ал 2022 жылдың 1-2 қаңтары сенбі-жексенбіге түсіп тұрғандықтан, сәйкесінше демалыс күндері 3-4 қаңтарға ауыстырылады.

5-6 қаңтар күндері қайтадан жұмыс күні, ал 7 қаңтарда ел тұрғындары Рождество мерекесін атап өтеді. Сол себепті, жұма 7 қаңтар демалыс болады.

8-9 қаңтар сенбі-жексенбі, 10 қаңтарда жаңа жұмыс аптасы басталады.

желтоқсан
Скриншот: egov.kz

Қазақстандықтар желтоқсан мен қаңтар айында қанша күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.