Белгісіз біреу Air Astana ұшағының жарылыс қаупі туралы хабарлады
Опубликовано:

Белгісіз біреу Санкт-Петербургтан Нұр-Сұлтанға бет алған Air Astana ұшағының жарылыс қаупі туралы хабарлады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Министрліктің хабарлауынша, Air Astana байланыс орталығына сағат 00:45-те (18.11.2021) Пулково-Нұр-Сұлтан 138 рейсінде жарылыс болуы мүмкін деген ақпарат келіп түскен.
"Сағат 02:49-да "Пулково-Нұр-Сұлтан" 138 рейсі өз бетінше әуежайға қонды", – делінген хабарламада.
Көліктегі полиция департаменті бұл факті тіркелмегенін хабарлады.
"Осыған байланысты түсініктеме беру мүмкін емес", – деп қосты ведомствода.
NUR.KZ тілшісі оқиғаға қатысты түсініктеме алу үшін Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне хабарласқан еді, олар ақпаратты кейін беруге уәде етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943021-belgisiz-bireu-air-astana-usagynyn-zarylys-qaupi-turaly-xabarlady/