RU

Қазақстанның бір өңірі "жасыл" аймаққа өтті

Қала
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Атырау облысы "сары" аймақтан "жасылға" ауысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

20 қарашадағы жағдай бойынша, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары орналасқан.

Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 1047 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облысынан.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 962 781-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943117-qazaqstannyn-bir-oniri-zasyl-aimaqqa-otti/