RU

"Сәбиге ауа жетпей қалған": Дәрігерлер ковидке шалдыққан шымкенттік келіншекті шұғыл босандырып алды

Чинар Кораева
Чинар Кораева: otyrar.kz

Шымкентте ковидпен ауырғандарды қабылдайтын ауруханаға 29 жастағы жүкті келіншек түсті. Жүктіліктің 39-шы аптасындағы әйелге дәрігерлер шұғыл түрде кесарь тілігін жасады деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Келіншектің дене қызуы өте жоғары болған, сондай-ақ, жөтел мазалап, коронавиусқа тапсырған ПТР сынақ оң нәтиже көрсетеді.

Компьютерлік томография жасалған соң, жүкті келіншектің пневмонияға шалдығып, екі өкпесіне де дақ түскені анықталады. Ал Чинар Кораева құрсақтағы сәбиге де вирус жұғуы мүмкін екенін мүлде ойламаған. Емделіп, табиғи жолмен босанамын деп жоспарлапты.

"Ай-күнім жетіп отырған соң, маған ерекше күтім жасады. Кезекті тексеру кезінде құрсақтағы сәбидің жүрек соғысы баяулағаны байқалды. Оның аман қалу мүмкіндігі азая бастаған кезде, дәрігерлер дереу кесарь тілігін жасады. Алғысым шексіз", - дейді Чинар Кораева.

Кесарь тілігі тез жасалды, алайда, қиындықтың барлығы отадан кейін басталған. Өйткені, сәби өте ауыр жағдайда туылып, өздігінен демала алмады. Дәрігерлер нәрестені дереу өкпені жасанды желдету аппаратына қосқан.

"Шақалақтың жағдайы тым ауыр еді. Он балдық Апгар шкаласымен есептегенде, сәбидің жағдайы 1-3 балға сай болды. Өйткені, гипоксия мен асфиксияға шалдыққан сәбиге ауа жеткен жоқ. Коронавирусты инфекция салдарынан анасының жатыры мен плацентті бөлігіне зақым келеді. Анасымен бірге, іштегі бала да зиян шеккен", - дейді ота жасаушы гинеколог Муслим Гасанов.

Ең бастысы, дәрігерлер сәбиді де, ананы да аман қалып қалды. Келіншек екі күннен соң жансақтау бөлімінен шықты. Ал баланы ковидтік ауруханада қалдырмай, қалалық перзентханаға ауыстырған. Бүгінде дәрігерлер сәбидің жағдайы да жақсарып қалғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943131-sabige-aua-zetpei-qalgan-darigerler-kovidke-saldyqqan-symkenttik-kelinsekti-bosandyryp-aldy/