Көктайғақ, бұрқасын, шаңды дауыл: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы қандай
Жарияланған күні:
Ертең, 22 қараша күні еліміздің бірқатар өңірінде атлантикалық циклонның әсерінен жаңбыр мен қар жауып, кей облыстарда көктайғақ болуы мүмкін. Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайда "Қазгидромет"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Қазгидрометтің" хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде атлантикалық циклонның әсерінен жауын-шашын жауады. Солтүстік облыстарда қарлы бұрқасын жаууы әбден мүмкін. Одан бөлек, республиканың басым бөлігінде - көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстікте - шаңды дауыл, ал батыс пен оңтүстік-шығыста - тұман күтілетіні хабарланды.
Өңірлердегі ауа райы қандай болмақ?
Оның ішінде Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, солтүстікте, шығыста екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында және Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.
Елдің шығысында, Қызылорда және Көкшетау облысында да бұрқасын мен көктайғақ болады деген болжам бар.
Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел күшейеді.
Тұманды ауа райы Ақтөбе облысының солтүстігі мен Маңғыстауда да күтіліп отыр. Облыстың солтүстігінде жел күшейіп, оның екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Алматы облысының бірқатар өңірінде, нақтырақ айтсақ, Алакөл көлдерінің маңында қатты жел соғуы ықтимал.
Ал Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады.
Басты қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтан қаласында 22 қарашада күндіз ауа температурасы -1+1 °C болып, күн бұлтты болады деп күтілуде. Қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Ал түнде -4-6 °C болады.
Ақмола облысында күндіз ауа температурасы 0, -2 °C болып, күн көшпелі бұлтты болуы ықтимал. Қар жауып, жацяу бұрқасын болады деп күтілуде. Ал түнде -5 -7 °C болады.
Алматыда 22 қараша күндізгі уақытта 10-12 градус жылы болады. Аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ал түнде -1-3 °C болады.
Түркістанда күндіз 11-13 градус жылы болады. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде -1-3 °C болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943219-koktaigaq-burqasyn-22-qarasaga-arnalgan-aua-raiy-bolzamy-qandai/