Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы Книжевского су қоймасында жырық пайда болды (фото)

Опубликовано:

ТЖМ
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысы Книжевского су қоймасында жырық пайда болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Талғат Уәлидің сөзінше, Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының маңында Книжевского су қоймасы бөгетінің денесінде жырық пайда болғаны туралы хабарлама 21 қарашада сағат 23.13-те облыстық төтенше жағдайлар депатаментіне түскен.

Су қоймасының көлемі 4,47 млн текше метрді құрайды, қазіргі уақытта қойманың 50 пайызы толтырылған. Серпілістің ені 5-6 метр, суды ағызудың болжамды көлемі шамамен секундына 30 текше метрді құрайды.

"Су Қарғалы өзенінің арнасымен ағып кетуде, одан әрі Іле ауданының Күрті су қоймасына құяды (толтыру пайызы – 14%, жобалық көлемі-120 млн. текше метр).

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер, сондай-ақ тұрғын үйлерді су басу жоқ, облыстық маңызы бар "Мыңбаева-Қасымбек" автожолы арқылы су асу фактісі бар. Полиция қызметкерлері қозғалысты шектеу бойынша бекеттер қойды", - деп хабарлады Уәли.

ТЖМ
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазіргі таңда аққан судың көлемі төмендеуде. Қарғалы өзенінің арнасы бойынша визуалды бақылау жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, елдімекендерді су басу қаупі жоқ.

Сонымен қатар, оқиға орнында Алматы облысы ТЖД бастығы бастаған ТЖМ бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және басқа да мүдделі қызметтер бар. Оқиға орнында және ТЖД ғимаратында төтенше жағдайды жою штабы құрылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943225-almaty-oblysyndagy-knizevskogo-su-qoimasynda-zaryq-paida-boldy/

pixel