RU

Алматылық жігіт құлай сүйген аруының веб-камера моделі екенін біліп қойды

Жұптар
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматының 29 жастағы тұрғыны сүйіктісінің веб-камера моделі болғанын біліп қойды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Басылым редакциясына Алматы қаласының тұрғыны Андрей (аты-жөні өзгертілді - ред.) хабарласқан.

Андрей Ольгамен Алматыдағы көңіл-көтеру орындарының бірінде танысқан. Алғашқыда қыз әдепті, сабырлы болып көрінеді. Андрей бірден "Менің жүрегімнің иесі осы қыз" деп ойлайды.

Андрейдің айтуынша, сүйіктісі екеуінің қарым-қатынасы алғашқы айларда жақсы өткен. Түсініспеушіліктер кейін басталыпты. Сүйіктісі үнемі ақша сұрап, онымен жүруден бас тартады. Кейде Ольга жиі шаршағанын айтып, үйде жалғыз қалатынды шығарған.

Уақыт өте келе көзқарастары келіспей, жиі жанжал шығады. Содан кейін Андрей біраз уақыт үзіліс жасауды ұйғарады. Бірнеше апта жалғыз жүрген жігіт бір күні интернеттегі сайттардан веб-камера модельдерін тамашалауды жөн көрген. Осы кезде сүйіктісінің суретін байқап қалған.

Андрей ғашығының бұл қылығын кешіре алмапты. Ольга қанша рет қоңырау шалып, кездескісі келетінін айтса да байланысын үзген.

Басылымның мәліметінше, веб-камера моделі болу оңай көрінеді. Тіпті елімізде осындай адамдарды қабылдайтын арнайы студиялар бар екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943255-almatylyq-zigit-qulai-suigen-aruynyn-veb-kamera-modeli-ekenin-bilip-qoidy/