Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзенде қонақ үйде жеңіл жүрісті қыздар ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

Жезөкше
Видеодан кадр: instagram.com/mangistaupd

Жаңаөзенде тәртіп сақшылары рейд кезінде 22 мен 30 жас аралығындағы алты жезөкшені ұстады. Олар жергілікті қонақ үйлердің бірінде интимді қызмет көрсеткен. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің Instagram парақшасында хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, жеңіл жүрісті қыздар Жаңаөзенге Алматы, Тараз және Өзбекстаннан келген.

Оларға Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) және 492-бабы (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Сондай-ақ, олар "жезөкшелік" санаты бойынша есепке алынған.

Еске сала кетсек, Алматыда полиция қызметерлері өткізген рейд шаралары барысында SPA салонында интимдік қызмет көрсеткен 15 жеңіл жүрісті қызды ұстаған еді.

Ғимарат иелері жезөкшелікпен айналысу үшін саналы түрде үй-жаймен қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ жеңгетайлық бойынша жауапқа тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943267-zanaozende-qonaq-uide-zenil-zuristi-qyzdar-ustaldy-video/