Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда SPA салонында интимдік қызмет көрсеткен 15 жезөкше ұсталды

Опубликовано:

Қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда полиция қызметерлері өткізген рейд шаралары барысында SPA салонында интимдік қызмет көрсеткен 15 жеңіл жүрісті қыз ұсталды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары іс-шараны кеше түнде өткізген.

Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, нысандардың бірі элиталық тұрғын үй кешеніне орналастырылса, тағы екеуі Бостандық және Медеу аудандарының аумағындағы саяжайларда қылмыстық әрекеттерін іске асырған. Бұл салондарда 15 жеңіл жүрісті қыз клиенттерге интимдік қызмет көрсеткен. Олар – Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының тұрғындары.

Ұсталған азаматшалар соттылығы бар-жоғын анықтау үшін полицияға жеткізілді. Ал ғимараттардың иелері жезөкшелікпен айналысу үшін саналы түрде үй-жаймен қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ жеңгетайлық бойынша жауапқа тартылды.

Жедел бөлімнің хабарлауынша, жылдың басынан бері алматылық полицейлер адам саудасына қатысты 28 қылмысты анықтаған. Сонымен қатар, интимдік қызмет көрсететін 73 жезөкшелер үйі жойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940362-almatyda-spa-salonynda-intimdik-qyzmet-korsetken-15-zezokse-ustaldy/

pixel