RU

Нұр-Сұлтан қаласында екінші ауысымдағы 0-4-сыныптар онлайн оқиды

Сынып1
Көрнекі фото: piqsels.com

Елордада екінші ауысымдағы жекелеген сыныптарға сабақтар онлайн форматқа ауытырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"22 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-4-сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген қалалық білім басқармасының мәліметінде.

Айта кетейік, еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған еді. Метеорологтар мәліметінше, 23-25 қараша аралығында Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болып, қар түрінде жауын-шашын түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болжанады.

Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде -2-10 градустан -18-23 градусқа дейін аяз болады. Ал күндіз -5 градустан -5-15 градусқа дейін аяз күтіледі.

Орталықта және шығыста түнде 0-8 градус аяз, күндіз -3 градус пен +3 градус арасында құбылмалы болады.

Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде -6 градус аяз бен +3 градус, күндіз +9-17 градус жылы болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943307-nur-sultan-qalasynda-ekinsi-auysymdagy-0-4-synyptar-onlain-oqidy/