Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сотталған ақтөбелік азамат кісі өліміне өзінің қатысы жоқ екенін дәлелдеп шықты

Опубликовано:

Қазақстан теңгесі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бұзақылық және абайсызда адам өліміне себепкер болғаны үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айырылған Ақтөбе тұрғыны ақталып шықты, деп хабарлайды "Диапазон".

Басылымның жазуынша, ер адам кісі өліміне және бұзақылыққа еш қатысы жоқ екенін дәлелдей алған. Осылайша, облыстық сот алқасы ақтау үкімін шығарған.

Ер адам өзі жасамаған қылмыс үшін 2 ай 12 күн қамауда отырған.

Ақталған азаматтың айтуынша, ол бір жылдан астам кінәсіз екенін дәлелдеумен болған. Одан бөлек, беделі түсіп, толыққанды өмір сүре алмай, туыстарының алдында ұятқа қалған.

Сонымен қатар, ол адвокаттарға 450 мың теңге жұмсаған. Қамауда отырғанда бірнеше ай бойғы жалақысынан (400 мың теңгеге жуық) айырылған.

Ер адам соттан осы шығындарды өтеуді, сонымен қатар моральдық шығын үшін миллион теңге төлеуді талап етті.

Сот талап арызды ішінара қанағаттандырды. Сөйтіп ер адамға мемлекет қазынасынан моральдық шығын үшін миллион теңге, табысы ретінде 378 мың теңге төлеуді міндеттеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943321-bas-bostandygynan-aiyrylgan-aqtobelik-kisi-olimine-ozinin-qatysy-zoq-ekenin-daleldep-syqty/

pixel