Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгіннен бастап еліміздегі 7 автожол ақылы болды

Опубликовано:

көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

23 қарашадан бастап 4 жолақтан тұратын бірінші санаттағы республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесі ақылы болады. Бұл туралы "Қазавтожол" ҰҚ" АО ресми сайтында хабарланды.

Ұлттық компанияның хабарлауынша, бүгіннен бастап ақылы болатын жолдар:

  • Нұр-Сұлтан - Павлодар;
  • Қапшағай - Талдықорған;
  • Тараз - Қайнар;
  • Шымкент - Тараз;
  • Шымкент - Қызылорда;
  • Шымкент - Ташкент;
  • Щучинск - Көкшетау.

"Жоғарыда аталған учаскелер бойынша ақылы жүйені енгізу туралы бұйрық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтті және ағымдағы жылдың 23 қарашасында заңды күшіне енеді, сәйкесінше осы күннен бастап жол жүру ақысы алынатын болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, компания көліктері ақылы жолға іргелес аумақтарда тіркелген жүргізушілер жылдық абонементті 1 мың теңгеге сатып ала алатынын атап өтті.

Абонементті қалай сатып алу керектігі туралы толығырақ сілтемеден оқуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943495-buginnen-bastap-elimizdegi-7-avtozol-aqyly-boldy/

pixel