Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңажылдық корпоратив өткізуге рұқсат беріле ме

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі елімізде жаңа жыл қарсаңында мерекелік кеш өткізуге рұқсат бола ма деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Алексей Цой шешім аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатынын айтты.

"Әр өңірде қоғамдық тамақтану орындарында немесе концерттердегі адам санына қатысты белгілі бір талаптар бекітіледі. Олардың санына қатысты шешімді аймақтың бас санитар дәрігерлері қабылдайды. Бұл өңірдің "жасыл", "қызыл" немесе "сары" аймақта тұрғанына тікелей байланысты", - деді ол.

Бұл ретте министр елімізде КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарып, халық арасында аурушаңдық азайып бара жатқанын жеткізді.

"Бәріміз тезірек қайта араласқымыз келеді. Бірақ, өкінішке қарай, коронавирус арамыздан кеткен жоқ. Еуропада не болып жатқанын көріп отырсыздар. Онда локдаун жариялануда. Сонымен қатар, Ресей қандай қадамға барып жатқанын естідіңіздер.

Жазда немесе өткен жылы болған оқиғаны қайталамас үшін сақ болу керек. Біз үшін дәл қазір эпидемиологиялық жағдайды жақсарту, тезірек екпе алу өте маңызды. Негізі вакцинация бойынша ТМД елдерінде бірінші орынға шықтық. Жалпы жаман емес көрсеткіш. Бізде ұжымдық иммунитет біртіндеп қалыптасады", - деп сендірді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943508-qazaqstanda-zanazyldyq-korporativ-otkizuge-ruqsat-berile-me/

pixel