Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында сотталушы өзіне шеге тығып, видео түсірді

Опубликовано:

Ер адам
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_brothers

АК-159/18 колониясында жазасын өтеуші видео түсіріп, өз өліміне мекеме әкімшілігі кінәлі екенін айтқан. Жағдайға қатысты Қарағанды облысы ҚАЖД баспасөз қызметі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сотталушының видеоүндеуі Instagram желісінде жарияланды. Бейнежазбада ер адам жалаңаш кеудесі мен ішастар қуысындағы шегені көрсеткен. Сонымен бірге, оның денесінде тыртықтар бар. Ер адам өз өліміне колония қызметкерлері кінәлі болатынын айтқан.

Видео желіде дау тудырды. Осыған байланысты Қарағанды облысының ҚАЖД баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, бұл арандатушылық.

"11-14 қараша аралығында АК-159/18 мекемесінде құқық бұзушылықтың жолын кесу және сотталғандардан тыйым салынған заттарды анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға прокуратура өкілдері, қоғам белсенділері мен Ұлттық ұлан әскери қызметерлері қатысты.

Бәрі видеоға түсірілді. 40 телефон мен 500 граммдай есірткі анықталды. Осы ретте сотталушылар шағым айтпады. Бірақ тінту жүргізіліп бола салысымен, олар тыйым салынған заттарды сақтағаны үшін жазадан құтылу үшін осындай роликтерді жариялай бастады", - деді Қарағанды облыстық ҚАЖД.

Сонымен бірге, департамент анықталған фактілер бойынша қызметтік тексеру басталғанын, оның барысында тыйым салынған заттарды жеткізу арналары кесіліп, сотталғандар жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

"Сотталғандар көбіне түзеу мекемесінің режимі мен ережелерін сақтауды ұнатпайтындықтан өзіне зиян келтіреді. Мұндай бейнероликтерді жариялау арқылы олар өзіне назар аудартып, аяушылық тудырып, жазасын жеңілдеткісі келеді", - деді ведомстводан.

Назар аударыңыз! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар! Бейнежазбаны психикикасы әлсіз адамдар, аяғы ауыр әйелдер мен 18 жасқа толмағандар көрмегені абзал!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943519-qaragandy-oblysynda-sottalusy-ozine-sege-tygyp-video-tusirdi/

pixel