Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да жүк көлігінің жүргізушісі боран салдарынан жолда қалды

Опубликовано:

Алматы
Видеодан кадр: yk-news.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы боран мен қатты желдің салдарынан жүк көлігі төтенше жағдайға тап болды. Жолда қалған ер адам тәулік бойы өз көлігінде өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды Noks.kz.

Қоғам белсендісі Антон Князев Өскемен-Шемонаиха тас жолында жүк көлігінің жүргізушісі қалып қойғанын хабарлады. Көлік жүргізушісінің тамағы мен суы жоқ, дейді ол.

"Осы уақыт ішінде оған көмектесатін бірде-бір арнайы көлік болған жоқ!"- деді Антон.

Бүгін оған полиция кабельмен трактор жіберуге уәде берген.

"Жолды қар жауып алған, бірақ бұл жерден шығуға мүмкіндік бар. Жақын жерде жеңіл көлік те тұрып қалды. Бірнеше сағаттан кейін күн батып кетеді. Сол уақытта бір нәрсе жасау өте қиын болады",- деді ол.

Бұл жағдайға қатысты Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, ер адамнан еш хабар түспеген. Алайда жолды тазалау үшін арнайы техника жіберіліпті.

"Мұндай жағдайға тап болған жүргізушілер көбіне жүк көліктерін тастағысы келмейді. Біз жолда қалғандарды эвакуациялай аламыз, бірақ адамдардың басым бөлігі көлік үшін қорқады және қызметтен бас тартады", - деді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943569-sqo-da-zuk-koliginin-zurgizusisi-borannyn-saldarynan-zolda-omir-suruge-mazbur/

pixel