Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда қарға тығылып қалған автобусты сүйреп шығарған жолаушыларға жұрт риза болды

Опубликовано:

Қар
Видеодан кадр: "Где? Где? В КАРАГАНДЕ!"/Facebook

Әлеуметтік желіде Қарағандыдағы Майқұдық тұрғындары қар құрсауында қалған автобусты итеріп жатқанын бейнелейтін видео тарап жатыр. Бұл жағдайға қатысты Октябрь ауданының әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін таңертең Майқұдықта Сырдария аялдамасының маңында жол апаты орын алып, салдарынан Карл Маркс көшесінде көлік кептелісі туындады.

Қаланың орталығына жету үшін тұрғындар бір сағаттан астам уақыттарын жұмсаған. Көбісінің жұмысқа кешігіп барғаны айтылды.

№56 автобустың жүргізушісі кептелісті айналып өтуді ұйғарып, жолдың жиегінде қарға тығылып қалған. Жолаушылар қоғамдық көлікті өз беттерімен итеріп шығарды.

Осы сәттің видеосы кейінірек әлеуметтік желіде пайда болып, көпшіліктің талқысына түсті.

Аталған жағдайға қатысты Октябрь ауданының әкімдігі түсініктеме берді.

Ведомство автобустың тас жолда емес, жол жиегінде тұрып қалғанын атап өтті. Сондықтан коммуналдық қызметтердің кінәсі жоқ екенінн мәлімдеді.

"Карл Маркс көшесіндегі Сырдария аялдамасы ауданында орын алған жол апатына байланысты Голубые пруды ықшамауданынан Ұмайға дейін кептеліс болды. Сондықтан автобус негізгі бағыттан шығып, жүргізуші жол жиегімен айналып өту туралы шешім қабылдады. Осылайш, ол жолаушылармен бірге қарға тығылып қалды", - деді әкімдік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943593-qaragandyda-qarga-tygylyp-qalgan-avtobusty-suirep-sygargan-zolausylarga-zurt-riza-boldy/

pixel