RU

"Неткен бақыт": Шәкірті ел алдында басын иіп, құрмет көрсеткен бапкер көз жасын тыя алмады

Той
Тойдан кадр: instagram.com/atadan_kalgan_asyl_soz/

Әлеуметтік желіде мерейтойы кезінде ұстазына құрмет көрсетіп, жылы лебізін көрсеткен ер адамның видеосы пайда болды. Шәкіртінің ыстық ықыласына ие болған бапкер қуаныштан көз жасын тыя алмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тойда ел алдында қуаныштан жылаған бапкердің видеосы "Атадан қалған асыл сөз" паблигінде жария етілді. Видеодан тойдағы көріністі көруге болады. Онда ер адам сөз сөйлеп, өзінің ұстазына алғысын жаудырған.

"Менің тойыма, қуанышыма, сіздермен бірге отырғаныма осы кісіге алғыс айтамын. Мың да бір рахмет!", - деген ол оның алдында басын иді.

Ал бапкері болса, қатты толқып, жылап жіберді. Тойдағы бұл қуанышты сәт елдің назарынан тыс қалған жоқ. Бапкердің көз жасына бей-жай қарамаған оқырмандар оларға ақ тілектерін жаудырып, алғысын жеткізді.

"Неткен бақыт!", "Ұзтаздан шәкірт озар" деген осы", "Қандай керемет көрініс", "Жүз жасаңыздар!", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943656-netken-baqyt-sakirti-el-aldynda-basyn-iip-qurmet-korsetken-bapker-koz-zasyn-tyya-almady-video/