Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болат Өтемұратов қоры Аралдағы 40 отбасына баспана сыйлады

Опубликовано:

Болат Өтемұратов қоры Аралдағы 40 отбасына баспана сыйлады
Фото: syrboyi.kz

Қызылорда облысы, Арал қаласының 40 отбасы Болат Өтемұратов Қорының «Баламекен» жобасы шеңберінде жаңа баспанаға ие болды, деп хабарлайды syrboyi.kz.

Жаңа пәтерлерді иеленген отбасылардың қатарына көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер мен апатты үйлерде тұратын отбасылар кірді. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен пәтер кілттері тұрғындарға табыс етілді.

Көлемі 64 шаршы метрді құрайтын 3 бөлмелі пәтер және 47 шаршы метрлі болатын 2 бөлмелі пәтер 4 пәтерлі 10 тұрғын үйде орналасқан. Баспана электр, газ және ауыз су жүйелерімен жабдықталып, ішінде сантехника, газ плитасы мен су жылытқышы орнатылған. Әр пәтер иесіне 6 сотық жер учаскесі бөлінген.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова пәтерлердің тұрғын үй кезегінде тұрған мұқтаж азаматтарға тегін берілетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943689-bolat-otemuratov-qory-araldagy-40-otbasyna-baspana-syilady/

pixel