Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі мектептердің бірінде оқушыларды қыстық аяқ киіммен кіргізбейтіні рас па

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Күн суықта оқушыларға аяқ киімді мектеп ауласында ауыстыртқан мұғалімдердің әрекеті көпшіліктің ашуын тудырды. Әлеуметтік желіде тараған видеодағы ақпарат бойынша, оқиға Шымкент қаласындағы мектептің бірінде болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

"Оқушылар аяқ киімдерін мектеп ауласының сыртында ауыстырып отыр. Ешқандай жағдай жоқ, мектеп іші сыз. Осының кесірінен бала-шағаның бәрі ауырып жатыр. Не деген сұмдық бұл?! Өзінің мектебі сияқты бәріне аяқ киім болмаса "ішке кіргізбеймін деген", - деп пікір білдірді видеоны түсірген ер адам.

Көптің талқысына түскен видеоға қатысты Шымкент қалалық білім басқармасы пікір білдірді.

Орта білім беруді және тәрбие жұмысын дамыту, қосымша білім беру бөлімінің басшысы Гүлмира Дәрібаева балаларға мектеп ауласында аяқ киім ауыстыру туралы талап қойылмағанын мәлім етті.

"Шымкент қаласы білім басқармасының Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектептің ішкі тәртібінде балалардың далада аяқ киім ауыстыруы қарастырылмаған. Мектепке таза аяқ киіммен кіру туралы ғана талап қойылған. Балалар үшін мектеп ғимаратында барлық жағдай жасалған. Әр баланың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі маңызды. Болған жағдай бойынша мектептің бірінші басшысының жауапкершілігі қаралатын болады", - деді ол.

Ал мектеп директоры Жансұлу Әбдіразаққызы аяқ киімді оқушылар "өздері далада ауыстырды" дегенді алға тартып отыр.

"Біздің мектепте ешбір бала далада аяқ киім ауыстырмайды. Мектеп ғимаратында барлық жағдай жасалған. Балалар шыдамсыздық танытып, өздері далада ауыстырған. Мұны дұрыс түсінбеген ата- ана түсіріп алған. Мен үшін әр баланың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі бірінші орында.  Денсаулық тазалық бар жерде ғана болады. "Мектепке таза аяқ киіммен кіру қажет" деген ғана талап қойылған", - деп жағдайды баяндады оқу орнының басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943706-symkenttegi-mektepterdin-birinde-oqusylardy-qystyq-ayaq-kiimmen-kirgizbeitini-ras-pa/

pixel