Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі жақсы, бірақ аяғым ісіп кетті": Алматы облысында COVID-19 жұқтырған 25 жастағы жігіт көз жұмды

Опубликовано:

Жансақтау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы облысында әйел коронавирустың ауыр түрі деп диагноз қойылған 25 жастағы ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Жас жігіт Көксу аудандық ауруханасында қайтыс болған. Әйелдің шағымына қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әйелдің үндеуі әлеуметтік желіде тарап жатыр. Ол 25 жастағы ұлы екіжақты пневмония диагнозымен ауруханада 8 күн жатқанын, осы аралықта оның аяғы мен іші ісініп кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы жігіт туыстарымен сөйлескен кезде айтқан.

"Менде бәрі жақсы, аяғымдағы ісікті кетіре алмай жатыр. Хирургқа бару керек дейді, жалпы анализдерім жақсы, ешқандай ауытқу жоқ. Мен мұнда жатқаныма 8 күндей болды, дүйсенбі күні шығаратын шығар деп үміттенемін", - деген жас жігіт.

Одан бөлек, ол қайтыс боларынан екі сағат бұрын әкесімен сөйлесіп, уайымдамауын өтінген екен.

"Бізге бөлім меңгерушісі шығып, ұлымның қайтыс болғанын, оның жүрегі жарылып кеткенін хабарлады. Мұны айтып тұрғанда ол кешірім де сұрамады. Маған өте дөрекі жеткізді. Ұлым 2 топ мүгедегі еді, біз жыл сайын медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясынан өтіп отырдық. Оның жүрегінде ақау болмаған.

Оны қалай емдеді? Расыменде оның пневмониясы болды ма? Оған толық диагностика жасап, аяғының не себепті ісінгенін анықтамады. Ол емдеуші дәрігерлердің сауатсыздығынан көз жұмды. Менің аналық жүрегім қан жылап отыр. Мен олардың жазаланғанын қалаймын", - делінген жазбада.

Бұл айыптауларға қатысты Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы жауап берді.

Ведомствоның дерегінше, пациенттен коронавирус инфекциясының ауыр түрі анықталған. Қарқынды терапия жүргізілгеніне қарамастан, жігітті құтқару мүмкін болмаған.

"Вирус анықталмаған, жедел ағым. Екі жақты полисегментті пневмонияға ұштасқан COVID-19. Ауруханаға түскен кезде жағдайы жедел респираторлық дистресс синдромы мен бірнеше ағза мүшелерінің жеткіліксіздігі салдарынан ауыр болды. Науқаста тыныс алу жетіспеушілігі байқалып, ол өзін нашар сезінді.

Науқас провизорлық бөлімшенің палатасында жатты, онда қарқынды терапия толық көлемде жүргізіліп, облыстық мамандар күнделікті онлайн түрде кеңес беріп отырды" , - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство пациенттің жағдайының нашарлауы және оның жүрек қызметінің тоқтауы бірнеше ағза мүшелерінің жеткіліксіздігінен болғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1943725-bari-zaqsy-biraq-ayagym-isip-ketti-almaty-oblysynda-covid-19-zuqtyrgan-25-zastagy-zigit-koz-zumdy/

pixel