Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күдіктінің анасынан 200 мың теңге алған лауазымды қызметкер сот алдына келді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Павлодарда күдіктілердің бірінің анасынан 200 мың теңге алған пробация қызметінің аға инспекторы сот алдында жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі №2 Павлодар қалалық сотының үкіміне сілтеме жасап.

Шартты түрде жазаға іліккен ер адам 2020 жылдың желтоқсан айында тағы да тергеуге алынған. Ол қамауға алынып, тергеу ауыр бап бойынша жүргізілген.

Пробация қызметінің аға инспекторы барған кезде күдікті одан көмек сұрайды. Атап айтқанда, өзіне тағылған айыпты жеңілдету жолдарын көрсетуді өтінген.

Кейінірек, аға инспектор ер адамның анасымен кездесіп, 200 мың теңге сұрайды. Ақша тергеушіге пара ретінде берілуі керек болыпты.

Әйел аға инспектор сұратқан соманы берген, алайда мәселесі шешіле қоймаған. Мұны түсінген кезде күдіктінің анасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арыз жазып, инспектордан ақшаны қайтаруды талап еткен.

Қылмыстық іс сотта алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша қаралды.

Павлодар облысы ҚАЖД экс-қызметкері кінәлі деп танылып, оған 6 миллион теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943954-kudiktinin-anasynan-200-myn-tenge-algan-lauazymdy-qyzmetker-sot-aldyna-keldi/

pixel