Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде қазақстандық блогерлер сотталды

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейде такистің көлігін айдап кетіп, кейін мұны жай "алдау операциясы" деп түсіндірген Қазақстан азаматтары сотталды. Соттың шешімі Мәскеу прокуратурасының ресми сайтында жарияланды.

Мәскеудің Пресненский аудандық соты үш қазақстандыққа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

24 жастағы Рамир Хасанов, 29 жастағы Айдын Түсіпов және 31 жастағы Ерсін Дүмшебай Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 166-бабы, 2 бөлігі "а" тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының көлікті айдап әкетуі) бойынша айыпталған.

Мәскеу прокуратурасының мәліметінше, 2021 жылдың наурыз айының ортасында айыпталушылар мобильдік қосымша арқылы "Москва-Сити" сауда орталығына премиум-класс санатындағы таксиді шақырған. Көлік діттеген жерге келген соң, олардың екеуі салонға отырып, жүргізушіден үшінші досына пакетті жүксалғышқа салуға көмектесуін сұраған.

Жүргізуші салоннан шыққан кезде айыпталушылардың бірі рөлге отырып, көлікті айдап кеткен. Екіншісі болып жатқан жайттың барлығын көлік салонының ішінде ұялы телефонның камерасына түсірген.

Ал үшіншісі сыбайластарын күту үшін сауда орталығының маңында қалған. Онымен қоса, ол да болып жатқан жайтты камераға түсіріп тұрған яғни видеоны алдағы уақытта әлеуметтік желілердің бірінде жариялау үшін.

Бірнеше минуттан кейін айыпталушылар көлікті иесіне қайтарған және бұл әрекетін "алдау операциясы" деп түсіндірген.

Бірақ соған қарамастан олар сол күні ұсталып, аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

25 қарашада айыпталушыларға сот үкімі шықты. Сот үш қазақстандықты да 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Олар сот залында қамауға алынды және жазасын ортақ режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, сотталушылардың бірі - Рамир Хасанов өткен жылы желтоқсанда Алматыда метрода пранк жасап, жолаушыларды шошытқан болатын.

Кейін ол әл-Фараби даңғылының көлік жүретін тұсында шахмат ойнап, полицейлердің назарын аударған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944001-prank-usin-bireudin-koligin-aidap-ketken-maskeude-qazaqstandyq-blogerler-sottaldy/

pixel