Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында бал арасының ұясына есірткі сақтаған адам ұсталды

Опубликовано:

Бал арасы
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысының тұрғыны бал арасының ұяшығына есірткі сақтаған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Күдікке Сайрам ауданының тұрғыны іліккен.

Ұсталған ер азаматтың үйі мен ауласын тінту кезінде есірткі заты бар 1 қап пен полиэтилен пакеті табылды. Белгілі болғандай, ер адам есірткіні ара ұяларын тасымалдауға арналған тіркемеде сақтаған.

Сараптамаға сәйкес алынған заттардың есірткі екені дәлелденді. Полицейлер қазір күдіктінің оларды өңірге жеткізу жолын анықтап жатыр.

"Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-ші бөлігімен тіркелді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленіп алынған зат жалпы салмағы 20 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды. Күдікті қазіргі таңда қамауға алынды", - деді Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Дәурен Сартаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері түркістандық полицейлер заңсыз айналымнан 5 тоннадан астам есірткі затын тәркілеген. 55 есірткі сатушыны ұстады. Сондай-ақ ірі көлемде есірткі  сақтаудың 25 жағдайын анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944041-turkistan-oblysynda-bal-arasynyn-uyasyna-esirtki-saqtagan-adam-ustaldy/

pixel