RU

Ютубер "Кальмар ойынын" шынайы өмірде ұйымдастырып, 456 мың доллар жүлде тікті

Видеодағы кадр
Фото: youtube.com/MrBeast

Танымал ютубер "Кальмар ойынын" шынайы өмірде қайта ұйымдастырып, ондағы ойындардың жеңімпазына 456 000 доллар сыйақы ұсынды. Видео YouTube желісінде жарияланды.

Джеймс Дональдсон есімді блогер Netflix-тегі "Кальмар ойыны" хит сериалын зорлық-зомбылықсыз және өмірге қауіпсіз етіп ұйымдастырған. Мысалы, соңғы сынақта ойыншылар музыка әуенімен орындықты айналып жүгіріп, ол тоқтаған кезде қарсыласынан жылдамырақ отыруы керек болған.

Жеңімпаздардың жүлде қоры оңтүстіккореялық жобадағыдай 456 000 доллар болды. Оңтүстік Кореяда өткен ойынға 456 ерікті қатысты. Олар алты ойын ойнады. Декорация сериалда көрсетілгендей жасалған.

Жалпы Дональдсон барлығын ұйымдастыруға 3,5 миллион доллар жұмсаған. Оның бір жарымы жүлде қорына түсті.

Ұзақтығы 25 минут болатын видео бірнеше сағат ішінде 50 миллионға жуық қаралым мен алты миллионға жуық лайк жинады. Сондай-ақ, әлемдегі трендтер бойынша бірінші орынға шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944087-yutuber-kalmar-oiynyn-synaiy-omirde-uiymdastyryp-456-myn-dollar-zulde-tikti/