Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорықтым": Өскеменде 5 балалы әйел күйеуінен қашып кетті

Опубликовано:

Фото
Фото: Өскемен ПБ

Өскемен тұрғыны тәртіп сақшыларынан көмек сұрады. Белгілі болғаандай, бес баласы бар әйелдің түнде күйеуінен қашуына тура келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Маргарита күйеуімен азаматтық некеде бірнеше жыл тұрғанын, осы аралықта олардың бес баласы дүниеге келгенін айтқан.

"Соңғы жылдары қарым-қатынасымыз нашарлады. Жолдасым ішімдікке әуестене бастады. Ішіп келген соң маған тиісетін. Ол жиі-жиі қол көтеруді әдетке айналдырды. Ол тек мені емес, балаларымды да ұратынды шығарды. Үй шаруасына көмектеспеді, бәрі менің мойнымда еді. Өзім жетімдер үйінен шыққандықтан кетіп қалуға қорықтым. Көмек сұрар ешкімім болмады, оның үстіне балалармен отырғандықтан жұмыс істемедім", - дейді Маргарита.

23 қарашада ер адамның кезекті жанжалынан кейін келіншек шыдай алмай, балаларын алып, түнде үйден қашып еткен. Шаруа қожалығындағы құрбысына барып, онда ұзақ қала алмайтынын түсінген.

Өскемен полиция басқармасы басшысы Андрей Муланың сөзінше, көпбалалы ана әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша қызметкерлерге жүгініп, қандай қиын жағдайға тап болғанын айтқан. Оған қолдау көрсетіліп, уақытша тұратын үй берілген.

Полиция басқармасы басшысы бұл отбасының бақылауда болатынын және әрі қарай көмек көрсетілетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944099-qoryqtym-oskemende-5-balaly-aiel-kuieuinen-qasyp-ketti/

pixel