Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дауыл, көктайғақ және тұман": Еліміздің сегіз өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан синоптиктері еліміздің бірқатар өңірінде дауыл тұрып, тұман және көктайғақ секілді қолайсыздықтар туындайтынын айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды "Қазгидромет"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ертең, 28 қараша күні сегіз өңірде дабылды ескерту жарияланды. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел тұрып, солтүстікте күн бұрқасын орын алуы мүмкін. 

28-30 қараша аралығында Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, желдің екпіні 23-28 м/с жетпек. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ, ал шығысында тұман боулы ықтимал. Орал қаласында күндіз көктайғақ болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. 

28 қарашада Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші 15-20 м/с шамасында сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп болжанып отыр. 

Шымкентте 27 қарашадан 28-іне қараған түні және таңертең тұман сақталады.

28 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман сақталады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарында күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Алдағы түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жел екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Петропавл қаласында түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944259-dauyl-koktaigaq-zane-tuman-elimizdin-segiz-onirinde-dabyldy-eskertu-zariyalandy/