Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында балабақшада ойыншық жұтып қойған төрт жасар қыз көз жұмды

Опубликовано:

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Талғардағы балабақшалардың бірінде пластмасса ойыншық жұтып қойған төрт жасар қыз бала көз жұмды. Істің мән-жайын құқық қорғаушылар анықтап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Балабақшада бала өлімі тіркелгені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Төрт жасар қыздың ұсақ моншақ жұтып, тұншыққаны хабарланды.

"Қыздың өкпесінде ұсақ моншақ тұрып қалған. Арман ауданындағы балабақша. Туыстарына көңіл айтамыз. Қыз төрт жаста еді", - деп жазады автор.

Өңірдегі полиция мектепке дейінгі мекемеде бала өлімі болғанын растады. Қазіргі уақытта факті бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

"Расында да 26 қарашада Талғар қаласындғы балабақшалардың бірінде 4 жасар қыз қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде баланың тамағынан қатты пластмасса зат табылды. Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігіне сәйкес (Абайсызда кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) тергеу басталды", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық істі облыстық департамент ерекше бақылауына алған.

Заңға сәйкес, кінәлілер үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі жазаға тартылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944293-almaty-oblysynda-balabaqsada-oiynsyq-zutyp-qoigan-tort-zasar-qyz-koz-zumdy/

pixel