Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үй ішінде лифт бар": Отандық миллионердің жұбайы Көктөбедегі ертегідегідей зәулім үйін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Көктөбедегі зәулім үй
Көктөбедегі зәулім үй. Кадр: YouTube/Alibekov.kz

Танымал бизнесвумен, отандық миллионер - Марат Моминбаевтың жұбайы әрі көпбалалы ана Виктория Моминбаев Бейбіт Әлібековке сұхбат беріп, өзінің зәулім үйін көрсетті. Үш қабаттан тұратын үйдің аумағы шамамен 780 шаршы метр. Алматының төрі саналатын - Көктөбеде орналасқан бұл үйді қожайындары жиырма жыл бұрын сатып алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Виктория Моминбаеваның айтуынша, бұл үйді күйеуі екеуі жиырма жыл бұрын сатып алған. Жалпы аумағы шамамен 800 метрге жуықтайды. Сатып алғаннан соң, үй иесі оны кеңейтіп, барынша өзіне ыңғайлы стильде қайта жасап шығады.

Көктөбедегі зәулім үй
Көктөбедегі зәулім үй. Кадр: YouTube/Alibekov.kz

Үйдің іші де, сырты ерекше эзотерике стилінде жасалған. Арнайы дизайнердің көмегіне жүгінбесе де, бизнесвумен әрбір детальға дейін ойластырып, мән бердім, дейді.

Мәселен, үй сыртына ежелгі гректердің түсінігі бойынша "қожайындардың ұйқысын күзетеді" деген сеніммен жапалақтың суретін салғызыпты.

Көктөбедегі зәулім үй
Көктөбедегі зәулім үй: YouTube/Alibekov.kz

Бұдан бөлек, Виктория Моминбаева үйіне антикварлық заттарды жинағанды ұнатады екен. Шыршаны сәндейтін ойыншықтар, Кеңес Үкіметі кезіндегі ерекше кәдесыйлар, әкесінің, атасының ежелгі дүниелерін ол ұқыптап, әлі күнге дейін үйінің төріне орналастырады екен.

Көктөбедегі зәулім үй
Көктөбедегі зәулім үй: YouTube/Alibekov.kz

Үйдің бірінші қабатында асхана, ас үй, холл, қонақ бөлме орналасқан. Бұл бөлмелердегі әр жиһаздың өзіндік мәні бар, дейді үй ханымы. Олардың көбі шетелден арнайы тапсырыспен әкелінген екен. Арнайы аукционнан сатып алынған әйгілі суретші Пикассоның өнер туындысы да үйдің төрінен орын тепкен.

Көктөбедегі зәулім үй
Көктөбедегі зәулім үй: YouTube/Alibekov.kz

Ал үйдің екінші қабатында балалардың төрт жатын бөлмесі орналасқан. Алайда Викторияның айтуынша, бүгінде үш ұлы Женева қаласында тұрады. Сондықтан бұл бөлмелерде ешкім тұрмайды.

Көктөбедегі зәулім үй
Көктөбедегі зәулім үй. Кадр: YouTube/Alibekov.kz

Көктөбедегі зәулім үй
Көктөбедегі зәулім үй. Кадр: YouTube/Alibekov.kz

Ал үйдің үшінші қабатында қызы Марсельдің жатын бөлмесі және жолдасы екеуінің жатын бөлмесі, гардероб орналасқан.

Қызының бөлмесі де ерекше бағалы әрі шетелден арнайы тапсырыспен әзірленген дизайнерлік жиһаздарға лық толы. Онда Dolce Gabbana-ның шәйнегі мен қызы өмірге келе сала тапсырыспен алдыртқан күлгін түсті төсек орналасқан.

Көктөбедегі зәулім үй
Көктөбедегі зәулім үй. Кадр: YouTube/Alibekov.kz

Көктөбедегі зәулім үй
Көктөбедегі зәулім үй: YouTube/Alibekov.kz

Әр жатын бөлмеде бір-бір жуыну бөлмесі бар бар. Жалпы, алғанда бұл зәулім үйде сегіз әжетхана мен жуыну бөлмесі орналастырылған. Бұл ретте, Виктория Моминбаеваның жатын бөлмесіндегі жуыну бөлмесі де ерекше талғаммен жасалғанын айта кету керек.

Көктөбедегі зәулім үй
Көктөбедегі зәулім үй: YouTube/Alibekov.kz

Көктөбедегі зәулім үй
Көктөбедегі зәулім үй. Кадр: YouTube/Alibekov.kz

Ал үй қожайындарының киімдері орналасқан бөлмеде аяқ киімдер мен түрлі көйлектердің түр-түрі бар. Бағдарлама жүргізушісі бизнесвуменнің аяқ-киімдерін көріп, "әрбір қыздың арманындағы бөлме" деп сипаттама берді.

Көктөбедегі зәулім үй
Көктөбедегі зәулім үй. Кадр: YouTube/Alibekov.kz

Бір қызығы, үй қожайындары үйдің ішіне лифт орнатып, бір қабаттан екіншісін лифт арқылы барады. Лифттің ішінде кофемашина орналастырылған.

Көктөбедегі зәулім үй
Көктөбедегі зәулім үй. Кадр: YouTube/Alibekov.kz

Ал үйдегі баспалдақтардың өзі ерекше бірнеше түске боялып, адамның өзін тартатындай етіп сәнделген.

Көктөбедегі зәулім үй
Көктөбедегі зәулім үй. Кадр: YouTube/Alibekov.kz

Сонымен бірге, үйдің жертөлесінде балалар ойнайтын бөлме, шағын кинотеатр, ал сыртта қойма, терраса мен арнайы жабдықталған ошақ бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944430-ui-isinde-lift-bar-otandyq-millionerdin-zubaiy-koktobedegi-ertegidegidei-zaulim-uiin-korsetti-foto/

pixel