Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та өмір сүретін Әсия Сардарбек 105-ке қараған шағында дүние салды (фото)

Опубликовано:

Әжей
Фото: Facebook/Дархан Өмірбек

Өткен жүз жылдықтың 30-жылдарында Жамбыл облысы Шу ауылынан АҚШ-қа қашуға мәжбүр болған 105 жастағы Әсия Сардарбек өмірден өтті.

Қайғылы хабарды Дархан Өмірбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.

"Қызыл әскерден екі рет құтылып, Америкадан бір-ақ шыққан әжей Әсия Сардарбек дүниеден озды. Бұл туралы түнде оның келіні Фузия хабарлады.

"Кеше (27 қараша) сағат 5:20-да жүріп кетті. Балалары мен немере-шөберелерінің бәрі қасында болды" деп жазды ол.

Кеңес одағына дейін туып, одақтың ыдырауынан кейін 30 жыл өмір сүрген Әсия апаның өмірінде қазақ халқының ғасырлық тарихы жатыр.

Жаныңыз жаннаттан табылсын, Әсия апа! Сау болыңыз. Сізді көріп, қасыңызда бір сәт болғаным өмірімдегі үлкен оқиғалардың бірі болды", - деп жазды журналист.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944435-aqs-ta-omir-suretin-asiya-sardarbek-105-ke-qaragan-sagynda-dunie-saldy-foto/

pixel