Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында қысқы туристік маусымның ашылуы өтті

Жарияланған күні:

Алматы облысында қысқы туристік маусымның ашылуы өтті
Фото: Алматы облысының туристік ақпарат орталығы

25 қарашада Ұйғыр ауданында Алматы облысының туризм басқармасы мен Алматы облысының туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен қысқы туристік маусымның ашылуына арналған іс-шаралар өтті. Шара аясында дөңгелек үстел форматында «Tourism ReStart.

Алматы облысы» форумы, ҚР Ұлттық стандарттарына сәйкес орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты курстар, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жоба» тақырыбында мемлекеттік қызметкерлерге арналған тренингтер және «Kazakh tourism» АҚ ұлттық компаниясы ұсынған туризм саласын цифрландыру бойынша семинар ұйымдастырылды.

Алматы облысының туристік ақпарат орталығы
Фото: Алматы облысының туристік ақпарат орталығы

Қысқы маусымның ашылуына туризм саласының өкілдері – ірі туроператорлар, мамандандырылған қауымдастықтардың өкілдері, ҚР өңірлері туризм басқармасының басшылары, Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, ЮНЕСКО-ның Қазақстан ұлттық комитеті қатысты.

Форумның мақсаты – карантиндік шектеулерге байланысты туризм саласында қалыптасқан жағдай мен саланы қайта қалпына келтіруді талқылау. Форум аясында Қазақстанның халықаралық нарықтағы бәсекелестік артықшылықтарын көбейту, коммуникацияны жақсарту және ел ішінде бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру үшін барлық өңірлік туристік ақпараттық орталықтарды біріктіруге қатысты Алматы облысының бастамасы талқыланды.

Алматы облысының туристік ақпарат орталығы
Фото: Алматы облысының туристік ақпарат орталығы

Қатысушылар бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Ресми статистикаға сәйкес, 2021 жылғы 9 айда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келушілердің жалпы саны 776 707 адамды құрады. Мониторинг мәліметтері бойынша 2021 жылғы 10 айда 14 273,9 млн теңгеге қызмет көрсетілген.

Саладағы оң үрдісті ескере отырып, қатысушылар осы динамиканы сақтауға көмектесетін бірқатар нақты шараларды ұсынды. Алматы облысының туристік ақпараттық орталығының ҚР Туристік ақпараттық орталықтар қауымдастығын құру туралы бастамасы қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Алматы облысының туристік ақпарат орталығы
Фото: Алматы облысының туристік ақпарат орталығы

Жалпы, форум Алматы облысындағы туризм саласының әлеуеті зор екенін ғана емес, сонымен қатар еліміздегі қонақжайлылық индустриясын дамытудың драйверлерінің бірі екенін көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944464-almaty-oblysynda-qysqy-turistik-mausymnyn-asyluy-otti/