Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйзеліс адамды ауру қылады": Дәрігер коронавирустан кейін депрессияны қалай жеңу керектігін айтты

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: tion.ru

Тәжірбиелі эндокринолог Толғанбек Ташмағамбетов адамдарды күйзеліске алып келетін басты себептерді атады. Дәрігердің айтуынша, күйзеліс - барлық аурудың қоздырушысы. Әсіресе, бұл қалқанша безінің жұмысына үлкен зиян келтіреді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Күйзелістің гормоны кортизол болып саналады. Өз-өзіңді ұстап, ашуланбау арқылы аталған гормонды бақылауға болады. Күн тәртібін дұрыс сақтап, негативті жаңалықтар қарамай, кешкі сағат онда ұйқыға кетіп, сегіз сағаттан кем ұйықтамау арқылы кортизол гормонын бірқалыпты реттей аламыз.

Депрессиядан құтылуға көмектесетін екінші гормон – дофамин. Бұл мида бөлінетін бақыт пен рахат гормоны. Адам қуанышты болып, эйфорияны сезінгенде дофамин көп бөлінеді. Ол гормонды қалай көбейтсе болады? Әр адам оны өзінше көтереді.

Мысалы, біреулер белгілі бір тағамды жақсы көреді. Енді біреулер саяхаттағанды немесе шоппинг жасағанды ұнатады. Ал кейбірі төсек қатынасына құмар, кейде соған тәуелді болып жатады. Осы кезде адамда дофамин еріксіз көп мөлшерде бөлінеді. Медальдің екі жағы болатын секілді бұл гормонның бөлінуі де тәуелділікке алып келеді. Егер адам бір рет рахат көрсе, ол екінші рет соны қайталауға тырысады. Өйткені, ми сенің сол уақытта бақытты болғаныңды еске салып тұрады", - дейді дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, бүгінде қалқанша безінің түйін пішіні, қатерлі ісік формасы, попилярлық, фекулярлық, медулярлық өте қауіпті ісік формасы күннен күнге көбейіп келеді. Осының барлығы қатты күйзеліс пен дүкен сөрелерінде сатылып тұрған тағамдардың әсерінен пайда болады.

"Қазіргі уақытта біздер "адам адамға жау" деген көзқарас қалыптасқан қоғамда өмір сүрудеміз. Адамдар эмоциямен кредит алып, сосын оны төлей алмай жатады. Оның барлығын өзінде барлығы жақсы екенін көрсетіп, достарының алдында мақтану үшін жасайды. Ең бастысы - адамда моральдық жағынан тыныштық болу керек. Қалғаны маңызды емес. Дүкен сөрелеріне қарасаңыз, басқа елден келген азық-түліктер толып тұр. Тауарларда таза, табиғи қоспасыз деп жазылып тұрғанымен, шынында олай емес екенін білеміз. Осындай тағамдар қалқанша безі мен түйіншек формасы дерттерінің өсуіне алып келіп отыр", - дейді эндокринолог Толғанбек Кеңесханұлы.

Маманның айтуынша, депрессиядан бөлек эндокриндік дерттердің өршуіне коронавирустың да әсері бар. Сондықтан, иммунитетті әркез жоғары қалыпта ұстап, күн тәртібін қадағалап, депрессияға ұшырамаудың амалдарын қарастыру арқылы көптеген аурудың алдын алуға мүмкіндік бар.

"Аутоиммундық аурулардың барлығы коронаврустан кейін өрши түседі. Атап айтар болсақ, қант диабеті, аутоиммундық тиреоидит, гипофиз аденомасы, бүйрек үсті безінің дисфункциясы сынды сырқаты барлар үшін қиын. Бұлардың барлығы адамдарды депрессияға, мүгедектікке кейде өз-өзіне қол жұмсауға дейін алып келеді.

Коронавируспен ауырған адамда антидене болғанымен, иммунитет 100 пайыз мықты емес. Иммунитетті көтеру үшін цинкке бай азық-түлікті тұтынуға болады", - дейді эндокринолог Толғанбек Ташмағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944612-kuizelis-adamdy-auru-qylady-dariger-koronavirustan-keiin-depressiyany-qalai-zenu-kerektigin-aitty/

pixel