Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар "омикрон" штамының жаңа белгілерін атады

Опубликовано:

Сынамалар
Көрнекі фото: Amilcar Orfali/Getty Images

Оңтүстік африкалық дәрігерлер коронавирустың "омикрон" штамының жаңа белгілерін айтты. Егер бұған дейін жаңа штамның басты белгісі қатты әлсіздік болса, енді пациенттерден безгек, құрғақ жөтел, тершеңдік пен дененің сырқырауы анықталуда, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Омикрон" штамы тіркелген Оңтүстік Африканың дәрігерлері ауруханаға түскендердің 10 пайызы екі жасқа дейінгі балалар екенін хабарлады. Осы ретте инфекцияны жұқтырушылардың басым көпшілігі жастар. Коронавируспен ауырғандар да қауіп тобында. Неліктен бұлай болғаны әзірге белгісіз.

"Омикрон" штамының алғашқы жағдайлары тіркелген елдерде зерттеу жүріп жатыр. Штамның жылдам мутацияға ұшырауы да ахуалды қиындатып отыр. Бүгінде "омикронның" 50 шақты мутациясы анықталған. Сонымен бірге, жаңа штам жұғу деңгейі бойынша "дельта" штамға ұқсас екені белгілі болды.

"Қазір бағалауға ерте, бірақ бұл жұғу деңгейі бойынша "дельта" штамға ұқсас екенін білеміз. Мұнда да маска тағуды ұсынамыз", - деді М. Ломоносов атындағы ММУ жетекші ғылыми қызметкері.

Ресейде жаңа штамға байланысты ПТР-тесті нәтижелерінің жарамдылығы 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарды. Қазақстанда әзірге мұндай шаралар қабылданбады, дегенмен "омикронға" байланысты белгілі бір шектеу шаралары енгізілді.

Сонымен бірге, бірде-бір тест жүйесі әлі омикрон штаммын анықтауға қабілетті емес екені, жаңа тестті ғалымдар дайындап жатқаны атап өтілді.

"Біз оның генетикалық кодын толық білеміз. Сол себепті қазіргі уақытта 1,5-2 апта ішінде "омикронды" анықтайтын тесттер пайда болады. Әзірше, "омикрон" генетикалық материалдарды толық талдау арқылы ғана анықталады. "Омикронға" арналған тесттер сол генетикалық өзгерістерді қамтиды. Қазір 50 шақты мутация барын еске сала кетейін", - деді медицина ғылымдарының докторы Дмитий Еделев.

Сарапшылардың сөзінше, емдеу хаттамасының өзгерер-өзгермесі қосымша зерттеулерден кейін белгілі болады. Ақ халаттылар вакцина салдырып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944854-mamandar-omikron-stamynyn-zana-belgilerin-atady/

pixel