Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қандай мамандарға сұраныс жоғары екені белгілі болды

Опубликовано:

маман
Көрнекі фото: pxhere.com

Елімізде қандай мамандарға сұраныс жоғары екені белгілі болды. Олардың қатарында миллион теңгенің маңайында айлық алатын IT саласының қызметкерлері бар, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Пандемия технология нарығындағы шекараларды жойды. Бұрын Қазақстанда жүріп, АҚШ-тағы компанияларға бағдарлама әзірлеу арман болса, қазір біліктілігі жоғары ІТ маман үшін бұл қиын шаруа емес.

"Егер бұрын кеңсе қажет болса, қазір Қазақстанның ІТ-ресурстары қашықтан жұмыс істеу арқылы Халықаралық ұйымдарға қолжетімді болды. Бізде қазір батыстағы үлкен технологиялық компанияларда да, кішігірім ұйымдарда да жұмыс істеуге мүмкіндік бар. ІТ- мамндардың 30% сыртқы нарыққа жұмыс істейді", - дейді IT-компанияның директоры Евгений Щербинин.

Мұндай мамандарға ішкі нарықта да сұраныс көп. Хедхантердің хабарлауынша, өткен жылмен салыстырғанда бос жұмыс орындар саны 70 пайызға өскен. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы да бұл ақпаратты растап отыр.

"Қазір еңбек нарығында ІТ мамандарға арналған мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Бұл бағдарламалау жүйесі, ақпараттық желі мамандары мен жүйелік әкімшілік қызметтер", - деді еңбек ресурстарын дамыту орталығының департамент директорының орынбасары Әлихан Қарабаев.

Мамандар ІТ саладағы кіріс биыл 15 пайыз өскенін жасырған жоқ.

Сарапшылардың сөзінше, қазір жұмысқа алу тәртібі де өзгерген. Компаниялар бағдарлама әзірлеушілердің шарттарына бейімделуге мәжбүр. Жақсы мамандарды жоғары жалақымен қызықтыруға тырысады. Электронды еңбек нарығында ІТ мамандпардың жалақысы 135 мың теңгеден бастап 1 миллионға дейін жетеді. Оның ішінде ақпараттық жүйе аналитиктері мен бағдарламалау инженерлері ең жоғары жалақы алады.

"Бағдарламалау құнына келсек, барлығы оның күрделілігіне байланысты. 100 доллардан бастап бірнеше мың долларға дейін жетеді. Бұл визитка түріндегі сайт немесе құрылғыларды басқаруға арналған қарапайым  қосымша болуы мүмкін", - деді бағдарламалаушы Мұрат Сейсенов.

Қазір ІТ-мамандарға талап жоғары. Бүгінде бұл кәсіп иелері техникалық біліммен шектелмеуі тиіс. Маркетинг, сауда саласын меңгерген жан-жақты азаматтарға сұраныс көп. Нарық талабы сондай. Ал 2030 жылдан кейін еңбек нарығын түбегейлі өзгерістер күтіп тұр дейді сарапшылар. Енді бір он жыл ішінде жаңа қызметкерлер толқыны келеді. Болжам бойынша, бұл цифрлық ортаға туғаннан бейімделген технологиялық қызметкерлер.

Айта кетейік, жұмыс берушілер арасында IT саласына деген сұраныс қазір 4-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944861-elimizde-qandai-mamandarga-suranys-zogary-ekeni-belgili-boldy/

pixel