Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсұлтан Сейітов дебюттік фильмінің постерін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Айсұлтан Сейітов
Айсұлтан Сейітов. Фото: instagram.com/aisultan

Қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сейітов "ҚАШ" дебюттік толықметражды фильмінің постерін ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандасымыз фильмнің постерін Instagram әлеуметтік желісінде жариялады.

"Біз командамен көп жұмыс жасаймыз. Енді нәтижесін көрсеткенше асықпын. Кейінгі кезде сентиментальды болып кетті. Көп нәрсені қайта ойластырудамын. Сіздерге әрдайым осылай оңай емес жол туралы хабардар еткім келіп тұрады", - деп ағынан жарылды Айсұлтан.

Ол отбасына, достарына және осы жолда қолдау көрсеткен командасына алғысын білдірді.

"Мен қобалжып жүрмін, кейде бұл сізге де әсер етуі мүмкін. Кешіріңіз. 2022 жылы бізде барлығы жақсы болады", - деді режиссер.

Еске салайық, Айсұлтан Сейітов Travis Scott, Offset, Скриптонит, Иван Дорн, Jah Khalib сияқты әртістердің клиптеріне түсірген жұмыстарымен көрерменді баурап алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944866-aisultan-seiitov-debyuttik-filminin-posterin-korsetti-foto/

pixel