Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавл көшесінде жалаңаш жүрген ер адам сотталды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Петропавлда көшеге тыр жалаңаш шыққан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде Петропавлдағы Ойқала ықшам ауданында күндіз тыр жалаңаш жүгірген ер адамның бейнежазбасы пайда болды. Полицейлер құқық бұзушыны ұстады. Ол 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Есірткіге еліткен ер адамға "Ұсақ бұзақылық" бойынша материал жиналып, іс сотқа жіберілді.

Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 29 қараша күні 1986 жылы туған Петропавл тұрғынына қатысты істі қарады. Құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 10 күнге әкімшілік қамауға алуға үкім шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1944918-petropavl-kosesinde-zalanas-zurgen-er-adam-sottaldy/

pixel