jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Жылан деп ойладық": Атырау облысында ерекше балық табылды (фото, видео)

Минога
Фото: ATPress.kz

Атырау облысы Құрманғазы ауданында әуесқой балықшылар өзеннен бұрын-соңды ешкім көрмеген ерекше балықты байқап қалған, деп хабарлайды ATPress.kz.

Әуесқой балықшы Дмитрий Соколинскийдің сөзінше, балықшылардың бірі өзеннен ескі етікті байқап, шығармақ болған. Ал оның ішінде осындай тіршілік иесі жатқан.

"Бастапқыда жылан деп ойладық. Артынан жылан тәрізді балық екенін білдік. Бірнешеуі жорғалап кетті. Біз бұрын-соңды өзеннен мұндай балық көрмедік. Ғаламтордан оның минога екенін білдік. Ол жайлы көп ақпарат шықты. Әсіресе, бұл балық Ресейде, Финляндияда, Латвия мен Швецияда, Эстонияда кездеседі екен", - дейді Соколинский.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, минога - жақсыз балықтардың бір түрі. Сыртқы пішіні жағынан жыланға ұқсайды. Ол тағам ретінде қолданылады және деликатес болып саналады.

Сонымен қатар, бұл балық жойылып бара жатқан түрге жатады және "Қызыл кітапқа" енгізілген.

Балық
Фото: ATPress.kz

"Жылан деп ойладық": Атырау облысында ерекше балық табылды (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.