Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мектеп директорларын ауыстыру қашан басталады

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: zakon.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ел президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында 2022 жылдан бастап мектеп директорларының орнын ауыстыру басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның сөзінше, мұғалімдерді бейінді емес жұмыстардан, тексерулерден босату іс-шаралары қабылданып, материалдық ынталандыру ескерілген.

Әдеп жөніндегі кеңестер өткізіледі. Жалпы, бұл жұмыс жалғасып жатыр.

"Педагогтардың жұмысқа қабылдау жүйесін де өзгерттік. Егер осы уақытқа дейін педагогты директордың өзі қабылдай алатын және белгілі бір тәуекелдердің болғаны да түсінікті. енді өзгертулер енгіздік. Қазіргі уақытта педагогтарды қабылдау нақты өлшемдері бар біліктілік талаптар көзделген байқау арқылы жүргізіледі", - деді министр.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов осы жылы білім беру ұйымдары директорларын тағайындаудың жаңа жүйесі бекітілгендігін жеткізді.

"Биылдан бастап жаңа институт – директорларды ауыстыру институты жұмыс істей бастайды. Бізде бір мектепте 10 жылдан астам ұзақ уақыт бойы жұмыс ісейтін директолар өте көп. Бүгінде оларды ынталандыру, ауыстыру қажеттігі туындап отыр. Сол себепті тиісті заңнамаға өзгертулер енгізіліп, бұйрық бекітілді. Келесі жылдан бастап мектеп директорларын ротациялау басталады", - деді білім және ғылы министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945148-qazaqstanda-mektep-direktorlaryn-auystyru-qasan-bastalady/

pixel