Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің орташа жалақысын атады

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі
Фото: primeminister.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ел президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында мұғалімдердің орташа жалақысын атады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның сөзінше, отандық білім беруді дамытудың маңызды кезеңдерінің бірі педагогтардың мәртебесі туралы заңның қабылдануы болды.

"Өздеріңіз де білесіздер, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заң қабылдау және педагогтардың жалақысын кемінде 2 есе ұлғайту туралы міндет жүктеді. Бұл жұмыс жүргізіліп жатыр, өзекті міндет", - деді министр.

Асхат Аймағамбетов 2019 жылға дейін педагогика мамандығына түсудің орташа балы өте төмен, 55-60 балды ғана құрап келгенін еске салды. Ал заң қабылданғаннан кейін 2019 жылдан бастап нақты іс-шаралар қабылданып, аталған мамандықтарға түсу шекті балы 75-ке жеткен.

Оның дерегінше, биылғы ҰБТ қорытындысында педагогика мамандығына түсушілердің орташа балы 96 балды құрағае.

"Құзіретті, бәсекеге қабілетті мықты түлектер осы мамандықты таңдап жатқанын білдіреді. Соған орай ертең мектептерімізді мықты педагогтер келеді. Қазірдің өзінде заң жұмыс істеп тұр деуге болады", - деді білім және ғылым министрі.

Ол педагогтардың жалақысы да айтарлықтай өскенін сөз етті.

"Педагогтардың еңбек жағдайлары жақсарды. Жалақы көтерілді. Егер егер заң жобасы қабылданғанға дейін орташа жалақы шамамен 109 мың теңге болса, бүгінде 200 мың теңгеден асып түсті. Бұл еліміздегі педагогтардың орташа жалақысы", - деді Асхат Аймағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945155-asxat-aimagambetov-mugalimderdin-ortasa-zalaqysyn-atady/

pixel