Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның қанша өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Қазақстанның бір өңірі ғана қауіпті аймақта тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

4 желтоқсандағы жағдай бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары орналасқан.

Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 686 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945262-koronavirus-qazaqstannyn-qansa-oniri-qyzyl-aimaqta/

pixel