Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі төртінші жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов
Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (14-5) Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 31 турнирінде өткізген жекпе-жегі үшін алатын гонорары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде ол анголалық Манел Капемен (16-6) кездесті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ бірінші раундта африкалық нокаутпен жеңді.

Осы жекпе-жек үшін Жалғас 24 500 доллар (20 000 доллар – октагонға шыққаны үшін, 4 500 доллар – ынталандыру бонусы) алды.

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой мансабындағы алтыншы рет жеңіліске ұшыраса, Манел Капе он жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945365-zalgas-zumagulov-ufc-degi-tortinsi-zekpe-zegi-usin-qansa-syiaqy-alatyny-belgili-boldy/

pixel