Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз балабақша": Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары ұсталуына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Нұрлан Таубаев
Фото: gov.kz

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровтың ісі бойынша сот процесі жалғасуда. Сот айыптаушы тарап ұсынған аудио және бейне жазбаларын зерттеп жатыр, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Жедел топ түсірген видеодан Тимур Басаровты сыбайлас жемқорлыққf қарсы агенттіктің бірнеше мүшесі ұстағанын аңғаруға болады. Оның қасында сұр металл чемодан жатыр.

"Чемоданның Басаровтан тәркіленгенін айғақтайтын дәлелдер қайда, қолында ұстап тұрған видеосы қайда? Басаровты полицейлер ұстаған жоқ, саусақ іздері жоқ. Ол ұсталған уақытта чемодан әкелініп, әдейі тасталғаны анық", - дtйді Нұрлан Таубаев.

Бұрынғы шенеунік түрмеде жарты жылдан аса уақыт отырғанын айтады.

"Қандай негізде? Мені Басаров ұсталмастан бір сағат б9рын ұстады. Бұл миға қонымсыз нәрсе ғой", -дейді Таубаев.

Судья оған бейәдеп сөздерді қолданбауды сұрады. Ал сотталушы мұның әдеби сөз екенін, тіпті, мұндай фильм бар екенін атап өтті.

Айыпталушылар адвокаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері Таубаевты Басаров ұсталмас бұрын әкеткеніне тағы назар аударды.

"Екі камера жұмыс істеп тұрса да, Басаровтың ұсталған сәті видеоға түспеген. Тергеушілер жеткенде оны жедел қызметкерлер ұстап тұрған. Видеода чемодан оның қолында байқалмайды. Неге?", - деді қорғаушылар.

Осы және бұдан басқа бірнеше сұраққа тергеу тобының жетекшісі Олжас Тобашев жауап берді. Ол бірқатар мән-жайды ұмытып қалғанын жеткізді.

"Елордадан адамдар Атырауға заңсыз келіп, мені ұрлап кетеді. Енді бұл адам мынаны ұмыттым, ананы ұмыттым деп тұр. Нағыз балабақша!", -деді Таубаев.

Айта кетейік, Атырау облысының бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров 2020 жылдың қыркүйек айында ұсталды.

Мемлекеттік қызметкерлер бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде 185 млн теңге сомасында пара алуға әрекет жасады деген күдікке ілінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945419-nagyz-balabaqsa-atyrau-oblysy-akiminin-eks-orynbasary-ustaluyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel