Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құрметті Жүрсін құда!": ДДСҰ басшысы Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтады (видео)

Опубликовано:

Тедрос Гебрейесус
Тедрос Гебрейесус. Видеодан кадр: facebook.com/DrTedros.Official

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус қазақстандық ақын Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ДДСҰ басшысы ақ тілегін өзінің Facebook парақшасы арқылы жолдаған.

"Құтты болсын, Жүрсін Ерман Құда!", - деп жазған ол парақшасында.

Сондай-ақ, Тедрос Гебрейесус қазақша шапан мен бөрік киіп, видео түсірген.

"Құрметті Жүрсін құда! Мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз зор болсын! Өміріңіз ұзақ болсын! Құдалығымыз мәңгілік болсын!", - деп құттықтайды Тедрос Гебрейесус.

Одан бөлек, ДДСҰ басшысы ақынның бір шумақ өлеңін оқып берді.

"Арбаса нәпсі-ыбылыс,

Алаңдай берем ұлып іш.

Көңілге неге сыймайсың

Көзіме сыйған құбылыс?!", - деді Гебрейесус.

ДДСҰ басшысының видео құттықтауына еліміздің бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пікір қалдырған.

"Рахмет, доктор Тедрос! Сізге және сіздің отбасыңызға бар жақсылықты тілеймін!", - деп жазды Біртанов.

Осы ретте "ҚазАқпарат" ХАА дүниежүзілік денсаулық ұйымының басшысы мен Жүрсін Ерманның арасында қандай туыстық байланыс барын білу үшін 70-ке толған ақынға хабарласқан.

"Менің бір жиенім Тедрос Гебрейесустің ұлына тұрмысқа шыққан. Өзім жиен қызым деймін, кіші қызымның қызы ғой енді. Қазір ол жиенім Женевада тұрады. Тедрос Гебрейесуске менің өлеңімді жаттатқызып, қазақша үйретіп жүрген сол жиен қызым ғой", - деді Жүрсін Ерман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945443-qurmetti-zursin-quda-ddsu-bassysy-zursin-ermandy-mereitoiymen-quttyqtady-video/

pixel