Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Он екі сағат мал баққан": Ақтөбе облысында 47 жастағы ер адам құлдықта болған

Опубликовано:

Мал
Көрнекі фото: piqsels.com

Ішкі істер министрлігі онлайн брифингте Ақтөбе облысында 47 жастағы ер адамды мәжбүрлеп жұмысқа жегу фактісі туралы хабарлады. Ер адамға алты айдан астам уақыт бойы қыстақта мал баққызған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Полиция қызметкерлері 47 жастағы ер адамды алдау және осал жағдайын пайдаланып, жеті ай бойы еңбек құлдығында қанаған Ақтөбе облысының тұрғыны - шаруа қожалығының басшысын анықтап, полицияға жеткізді.

Зардап шегуші тәулігіне 12 сағат мал баққан, жақын маңдағы елдімекеннен 50 шақырым жердегі қыстауда тұрған", – деді криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945463-12-sagat-mal-baqqan-aqtobe-oblysynda-47-zastagy-er-adam-quldyqta-bolgan/

pixel