Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік ғалым: "Омикрон" штамы жануарлар арасында мутацияланып, адамдарға жұққан болуы мүмкін

Опубликовано:

Зертхана1
Көрнекі фото: piqsels.com

Коронавирустың жаңа "омикрон" штамы жануарлар арасында мутацияға ұшырап, адамдарға жұққан болуы мүмкін. Мұндай пікірді ДНКОМ молекулалық-генетикалық зерттеулер ғылыми орталығының негізін қалаушысы әрі бас директоры Андрей Исаев айтты, деп хабарлайды ТАСС.

"Омикрон" штамын жұқтырған алғашқы пациенттің иммунитеті төмен болғанын, ұзақ уақыттан бері АИТВ инфекциясымен ауыратынын, сонымен қатар созылмалы COVID-19 ауруына шалдыққанын білеміз. Оның ағзасында COVID-19 мутацияға ұшыраған деген болжам бар.

Бірақ менің теориям сәл басқаша. Біз сүтқоректілердің, соның ішінде ірі мысықтардың, бұғылардың әртүрлі түрлерінің, күзендердің коронавируспен ауыратынын білеміз.

Ал Оңтүстік Африкада адамдар жабайы табиғатпен тығыз байланыста. Менің ойымша, COVID-19 ірі сүтқоректілерге өтіп, сонда эволюцияға ұшырауда. Өйткені дәл осы вирустардың түраралық ауысуы ақуыз комбинаторикасындағы ең керемет айырмашылықтарды тудырады, генетикалық әртүрлілікті қалыптастырады", – дейді Исаев.

Оның ойынша, "омикрон" штамын алғаш болып жұқтырды деген науқас қате анықталған болуы мүмкін.

"Ғалымдар иммун тапшылығы бар адамды алғашқы пациент ретінде тіркеді, бірақ оны "омикрон" штамын алғаш жұқтырған нақты сол адам деп айта алмаймыз. Себебі ол ауруды жергілікті аңшылардан, оңтүстік африкалық инспекторлардан, саваннаға баратын, қорықтарда жұмыс істейтін басқа біреуден жұқтыруы мүмкін", – дейді Андрей Исаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945585-reseilik-galym-omikron-stamy-zanuarlar-arasynda-mutaciyalanyp-adamdarga-zuqqan-boluy-mumkin/

pixel