Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"52 жыл өз бақытын күткен жан: Желіде ерекше ұзату тойының видеосы тарады

Опубликовано:

ұзату
Видеодан кадр: Instagram/sulu_kelin_kz

Әлеуметтік желіде ерекше қыз ұзату тойының видеосы тарады. Видео авторының жазуынша, ұзатылып жатқан қалыңдық 52 жаста, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көпшіліктің қызу талқысына түскен видео Instagram-дағы sulu_kelin_kz парақшасында жарияланды.

Кадрдан қарсы болғанына қарамастан қалыңдықты күйеу жігіттің көтеріп алғанын, ал туыстарының оларға бақыт тілеп жатқанын көруге болады.

Видеоға пікір білдірушілердің сөзіне сенсек, ұзату Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында өткен.

Десе де, әзірге видеоның нақты қайда және қай жерде түсірілгені белгісіз.

Ал желі қолданушылары жұбайлардың бір-біріне деген махаббатына сүйсініп, жылы лебіздерін жазуда.

"Махаббат жас таңдамайды, бастысы сыйластық болса", "Махаббат ешқашан қартаймайды, адам қартайса да...", "Біреуге ерте, біреуге кеш келеді. Бақытты да баянды өмір тілеймін", "Әр қазақтың қызы бақытты болуға лайық, махаббат жасқа қарамайды, жалғыздық тек Аллаға жарасқан. Бас екеу болмай, мал екеу болмайды. Ғұмырлы болсын" , - дейді ерлі-зайыптыларға тілеулес жандар.

Олардың видеодағы әрекетін сынаушылар да табылды.

"Мен 35 жасқа келіп отбасы құрғаныма ұялып, тойда күйеуіме көтерме десем, мына кісілердікі қалай болды?", "52 жаста қандай махаббат болуы мүмкін?", - дейді кейбір желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945629-52-zyl-oz-baqytyn-kutken-zan-zelide-erekse-uzatu-toiynyn-videosy-tarady/

pixel