Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында мас күйінде көлік басқарған шенеунік өзін "жұмыссызбын" деп таныстырған

Опубликовано:

Павлодар облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды
Көрнекі фото: piqsels.com

Павлодар облысында алкогольді сусын ішіп, көлік басқарған мемлекеттік қызметкер ұсталды. Ол тәртіп сақшыларына жазадан құтылу үшін өзінің жұмыссыз екенін айтқан, деп хабарлайды Павлодар-онлайн.

Ведомство Павлодар облысының мемлекеттік қызметкерлерінің алкогольді сусын тұтынып, көлікті басқарғаны туралы екі фактінін хабарлады.

"Ағымдағы жылдың 28 тамызында Железин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы мен 15 қарашада Павлодар облысы Дін істері басқармасының бас маманы көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар олар жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды", - деп хабарлады ведомство.

Белгілі болғандай, дін істері басқармасының қызметкері полицияға ұсталған уақытта өзінің жұмыс орны туралы ақпаратты жасырған.

"Ұстау кезінде және сотта ол өзін жұмыссыз деп көрсеткен. Алайда мониторинг жүргізу барысында ведомство оның мемлекеттік қызметкер екенін анықтады", - деді ведомство өкілі.

Екі шенеунікке де тәртіптік жаза жолданды.

Айта кетейік, бұған дейін өңірде әкім аппаратының бас маманы қызметінен босатылғаны белгілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945705-pavlodar-oblysynda-mas-kuiinde-kolik-basqargan-seneunik-ozin-zumyssyzbyn-dep-tanystyrgan/

pixel