Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуразиялық банк клиенттері енді Google Pay-ді қолдана алады

Опубликовано:

Eurasian Bank
Фото: Eurasian Bank

7 желтоқсаннан бастап Қазақстанда Google Pay қолжетімді. Еуразия банкінің картасын қолданушылар алғашқылардың бірі болып жанаспай төлем жасау сервисінің қызметін пайдалана алады.

Google Pay — ыңғайлы, қауіпсіз және сенімді төлем жасау әдісі. Android 5.0 және одан да жоғары нұсқадағы операциялық жүйесі бар, сондай-ақ, NFC технологиясын қолдайтын смартфон иелері үшін қолжетімді.

Еуразиялық банк клиенттері сервиске Smartbank мобильді қосымшасы арқылы қосыла алады. Ол үшін төмендегі қадамдарды жасау керек:

1. Smartbank-ті ашу;

2. Картаға басу арқылы әмиянға өту;

3. Картаны ашу;

4. Баптау бөліміне өтіп, "Google Pay-ге картаны қосу" батырмасын басу.

Google Pay арқылы жанаспай төлем жасаған Еуразиялық банк клиенттеріне қосымша 2% дейін бонустарға кепілдік беріледі.

Сервис Mastercard және Visa төлем жүйелерінде қолжетімді. Сондай-ақ, Google Pay-де қосылатын карталардың санына шектеу жоқ.

Төлемге қатысты барлық ақпарат шифрланып, Google компаниясының қорғалған серверлерінде сақталады. Google Pay-ге қосылатын әрбір картаға виртуалды есепшоттың өзіндік номерлері таңылады. Транзакцияны аяқтаған кезде аталған номер сатушыға беріледі. Осылайша, клиенттердің жеке басы туралы ақпараттар әрқашан қауіпсіз жерде сақталады.

Google Pay туралы толығырақ support.google.com/pay арқылы оқыңыздар.

№ 1.2.68/242/40 лицензияны 2020 жылғы 3 ақпанда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945707-euraziyalyq-bank-klientteri-endi-google-pay-di-qoldana-alady/

pixel