Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қашаннан бастап Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыруға болады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрі Pfizer вакцинасы ақылы сегментке қашан шығатыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы Алексей Цой БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.

"Pfizer вакцинасының құны бойынша айтсақ, біз Pfizer компаниясымен ақылы вакцинация мүмкіндігі туралы келісіп жатырмыз. Қажеттілікті анықтау үшін тізімдер жиналуда. Қазір Алматыдағы емханалар халықтың сұранысын зерттеп жатыр. Вакцинаның жарамдылық мерзімі бар екенін түсіну керек. Бұл вакцинаны қанша азамат алғысы келетінін анықтап алу маңызды. Нұр-Сұлтан қаласында да осындай жұмыс жүріп жатыр. Қазір барлық жерде, өңірлердің бәрінде осы іс жолға қойылған. Нақты қанша доза қажет, қанша азамат ақылы негізде вакцина алғысы келеді? Осыны анықтағаннан кейін ғана нақты қанша вакцина жеткізу керектігі анық болады", - деді денсаулық сақтау министрі.

Ол Pfizer вакцинасын салу науқаны бірқалыпты, ың-шыңсыз өтіп жатқанын да атады.

"Жүкті және бала емізетін әйелдер тарапынан вакцина сұраушылар көп еді. Солардың дегені болды. 12 жастан асқан балалар да өте белсенді вакцина алып жатыр. Мен Pfizer вакцинасы ақылы сегментке қашан шығатынын әлі нақты айта алмаймын, бірақ жақын арада деуге негіз бар. Бұл мәселені біз тұрақты түрде талқылап жатырмыз, мәселе пысықталуда", - деді Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945717-elimizde-qasannan-bastap-pfizer-vakcinasyn-aqyly-turde-saldyruga-bolady/

pixel