Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда карантин шаралары күшейтіле ме

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлемді дүрліктірген "омикрон" штамы 60-қа жуық мемлекеттен анықталды. Коронавирустың осылай дендеп кетуіне байланысты бірқатар мемлекет Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шектеу шараларын енгізуді жоспарлап отыр. Олардың қатарында Еуропаның бірнеше елі бар, деп жазады Алматы телеарнасы.

Елімізде секвенирлеу жұмысының нәтижесінде коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе шет мемлекеттерден келген адамдардан "омикрон" штамы анықталса, онда шектеу шаралары күшейтілмек. Қазір карантинді қатаңдату бойынша мәселелер қарастырылып жатыр. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығармады.

Бірақ нақты шешім сараптама қорытындысы шыққан соң ғана қабылданады.

Ал отандық мамандар жаңа штамм елге тарап үлгеруі мүмкін деп отыр. Себебі кеше ғана көрші Ресейде 2 науқастан осы вирус анықталды. Бұған ресейлік дәрігерлер қатты алаңдаулы. Өйткені вирус өте жылдам тарайды. Бұл өз кезегінде науқастар санының күрт өсіп кетуіне ықпал етеді.

"Вирустың аз мөлшері бірнеше адамға тез жұғады. Егер "омикрон" штамы "дельтаға" ұқсас болса, онда бұл өте қауіпті комбинация. Әсіресе, әлі күнге дейін ковидті жұқтырмаған немесе вакцина алмаған адамдар үшін қиын болуы мүмкін", – деді Мәскеу физика-техникалық институтының гендік инженерия зертханасының меңгерушісі Павел Волчков.  

Вирусологтар "омикрон" штамы тірі вакцина болуы мүмкін екенін жеткізді. Себебі оңтүстікафрикалық вирустың құрамында мутация көп. Ал бұл штаммен ауырып, жазылған адамда күшті антидене пайда болады. Өз кезегінде қалыптасқан иммунитет коронавирустың өзге түрлеріне төтеп бере алады екен.

"Кем дегенде, жаңа мутацияның вирусына 3 антидене шабуыл жасауы керек. Ал осы жолы қарағанда тек қана біреуі байқалды. Сондықтан дүнижүзінің көңіл аударғаны – егер бір ғана антидене шабуыл жасайтын болса, ол қарқынмен дамып кететін болса, осы күнге дейін жасаған екпелер көмектеспесе, не болады дейді. Егер бүкіл халықтың 60-70 пайызы осы "омикронмен" жеңіл түрде ауырып шығатын болса, антидене пайда болып, біз аурудан құтылатын едік", – дейді Еуропадағы қазақ дәрігерлер қауымдастығының жетекшісі Серік Тұрсын. 

Айта кетейік, елімізде эпидахуал айтарлықтай жақсарды. Мұны отандық дәрігерлер екпемен байланыстырып отыр. Себебі қазір елімізде 8 млн 200 мыңнан аса халық толық иммундалды. Егер осы қарқынмен жалғаса берсе, пандемиядан тезірек құтылармыз деген үміт бар, дейді медицина мамандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1945853-qazaqstanda-karantin-saralary-kuseitile-me/

pixel